Кәдеге жарату алымы болмаса көлік бағасы арзандай ма?

Утильсбор
Фото: pixabay.com

Қазіргі таңда кәдеге жарату алымы — өзекті мәселе. Халық кәдеге жарату алымы болмаса, көлік көрші елдердегідей тиімді болатынына сеніп,  кәдеге жарату алымға қарсы петицияға қол қойып, 50 мыңнан астам дауыс жинаған болатын. Бірақ бұған сенім арттыруға болмайтын көрінеді. 

Себебі Грузия, Дубай, Қытайдан әкелінген автокөліктердің бағасы шамамен орта есеппен 4 миллионды құрайды. Оның ішіне көлікті жеткізу қызметі де кіреді. Ал утильсбор немесе кәдеге жарату алымы 649 мың теңгеге шығады. Осы ақпараттардан тек жаңа машинаны шетелден шығару 650 000 теңгеге арзандайды деген қорытынды жасауға болады. Ресми дилерлерде де жағдай осындай.

Пайдаланылған көлікті әкелген жағдайда, кәдеге жарату алымы төмендемейді. Бізде утильсбор 2 жылдан бастап 923 тенге, 2-ден 3-жылға дейін 184600 тенге, 3 жыл немесе одан жоғары болса 1846000 тенгені құрайды деген түсінік қалыптасыпты. Бірақ ол көліктің жылына емес, көлемімен тікелей байланысты. Жаңа машиналар үшін бұл бос сөз, 2-3 жыл көліктер үшін 184600 тенгені құрауы тіпті мүмкін емес. 3 жылдан асқандарда алғашқы төлем көп. Бірақ бүкіл ел көліктерін жаңа автоға өзгертіп жатқанда, үш жылдық көлік керек пе деген сұрақ туындайды.

Көлемі 2 литрге дейінгі көліктерді есептеп көруге болады. Көлемі одан да жоғары автоға 300000 тенге утиль төлейсіз. Әрі қарай көлемі артқан сайын алым да өсе береді. Көлемі 2 литрден аспайтын сырттан әкелінген көліктер үшін утиль — 646 000 тенге, 2 жылға дейінгі көліктерді алғашқы тіркеу — 923 тенге.
Жалпы қорытындысы 646 923 тенге. Бүгін де екі пункті алып тастау жолдары ғана қарастырылуда.