Өзбек әншісі Мақпал Жүнісоваға сахнада тосынсый жасады

Фото: ашық дереккөзден

Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Мақпал Жүнісоваға алтын білезік сыйлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл видеоны Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Видеода «Мақпал апамыздың мерейтойына Атхамбек Юлдашев тортын, гүлін беріп, ыстық ықыласын білдіріп, алтын білезік сыйға тартып кетті» деп жазылған.

«Мені таныдыңыздар ма? Мақпал Жүнісова — аңыз адам. Қатты жақсы көремін, құрметтеймін. Мақпалды көргенде 150 жыл өмір сүрсін деймін. Оны қатты сыйлаймын, сондықтан бәрін тастап отбасымен келіп отырмын», — деді Атхамбек Юлдашев.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, ол өзбек әншісін 10 жыл көрмеген.