«1200 адам»: Шымкентте дүркіреп өткен той қазақстандықтардың назарын аударды

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Желіде қолданушылар назарын бірден аударған Шымкенттегі ауқымды тойдың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Instagram-парақшалардың бірінде оңтүстік мегаполисте өткен үлкен тойдың видеосы жарияланды. Бейнежазбадағы пікірге қарағанда, тойда 1200 қонақ болған. Бейнеролик 500 мыңға жуық қаралым жинады.

Видеоға әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

«Мұнша адам неге керек? Бір аптадан кейін бәрі ұмытып кетеді», «Бұл жерде 1200 адам емес», «Бар жоғы 75 үстел, әрқайсында 12 адамнан», «Мен 600 адам санадым», «Бұл той емес, бір тобыр адам», «Шынымен өте көп адам болды, өте қызық өтті», — деп жазды қолданушылар.

Тілші видео авторына хабарласты. Қыздың айтуынша, видео жақында, 2024 жылдың 28 маусымында түсірілген. Видео авторы ол жерде шынымен де көп адам болғанын айтады.

«Иә, 1200 адам болды, бұл зал 1000 адамға арналған, бірақ біз тағы 200 адамды әрең сидырдық», — деді ол.