Әнші, актриса Айгүл Иманбаева бірнеше ай бұрын немерелі болып, әже атанғанын айтты. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» YouTube подкастында мәлім етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өз сөзінде өнер иесі немере бағып үйде отырмайтынын айтты.
«Немерелі болғаным рас. Үш айға толды. Менен гөрі анам қасында көбірек болады. Немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Балама да бірден айтқанмын: «Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін» дедім. Осы күнге дейін әлі шомылдырған да жоқпын», — деді актриса.
ПІКІР ЖАЗУ