Баян-Өлгийдегі екіжақты кездесу
Арнайы сапармен келген қонақтарды Баян-Өлгий аймағының әкімі Камелият Ахмадияұлы мен Баян-Өлгий халқы әуежайдан шашу шашып қарсы алды. Аймақ губеранторы Камелият Ахмадияұлы, Маслихат Төрағасы Хабыл Шәривұлы бастаған делегациялар арасындағы кездесуде Абзал Сапарбекұлы қазақстандық делегация құрамын таныстырып, Ұлан-Батырда болатын іс-шаралар туралы айта келе, алдағы Кіші Құрылтай жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Камелият Ахмадияұлы «Бермесең алмайсың! Бармасаң алыстайсың!» демекші, 10 жылдан аса үзіліп қалған Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайының қайта жалғасын тапқанына аса қуанышты екенін айтты. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Президентінің кеңесшісі мен сенатор, депутаттардың болуы да бұл іс-шараға ерекше маңыз берудің дәлелі деп атап өтті. Аймақ губернаторы өлкенің экономикалық-әлеуметтік ахуалы және халықтың тыныс-тіршілігі туралы кеңінен мәлімет берді. Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының ыстық сәлемін жеткізуге арнайы келгенін айтып, Қазақстан қашанда ішкі тыныштықпен қатар сыртқы байланысты үзбеу саясатын нық ұстанатынын, сонымен қатар қашанда шетте жүрген қандастарымыздың мәселесін назарда ұстайтынын, олармен байланысты нығайта түсуге аса мән беретінін жеткізді. Екіжақты кездесуде ҚР Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапак, Нұргул Тау, Жарқынбек Амантай да сөз сөйлеп, екі елдің парламентаралық байланыстарының күн тәртібіндегі мәселелер, еліміздегі құқықтық-демократиялық реформалар туралы баяндап өтті. Баян-Өлгий аймақтық мәслихатының төрағасы Баян-Өлгий аймағында қазақтардың емін-еркін өмір сүруіне жағдай жасалғанын айтып, мемлекеттер арасындағы достықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, басқосуда Баян-Өлгейдегі қандастармен рухани-мәдени байланысты арттыру мәселелері де тақырыпқа өзек болды.

Ховдыдағы қазақ концерті
Сол күні Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші Құрылтайы аясында Ховд қаласында Қазақстаннан келген Қарағандының Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі тұрғылықты халыққа арнап концерт берді. Осы шара басталарда Қазақстан Респуликасы Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарбасов пен Мәжіліс депутаты Болат Керімбеков және жергілікті қазақ белсендісі Бағдал Шәмейхаұлы қонцертке жиналған жұртшылық алдында сөз сөйлеп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастар, парламентаралық байланыстар, мәдени-гуманитарлық іс-шаралар жайына тоқталды. Сондай-ақ жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Концертте қазақ және моңғол халық әндері шырқалып, дәстүрлі күйлер мен халыққа кеңінен танымал музыкалық шығармалар орындалды.


Қазақстан Президенті қандастар Құрылтайына құттықтау жолдады
Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші Құрылтайы 7 шілдеде Баян-Өлгейдегі Мұхамедқали Құрманхан атындағы Қазақ музыкалық драма театрында өтті. Кіші Құрылтайдың салтанатты жиынын ашқан Баян-Өлгей аймағының басшысы Камелият Ахмедияұлы атажұрт Қазақстаннан келген құрметті делегация мүшелеріне алғысын айтып, осынау құрылтайдың Моңғолия мен Қазақстан қатынастарына, оның ішінде 100 мыңнан астам қазақ шоғырланған аймақтың Қазақстанмен рухани байланысына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

























Қандастар марапатталды
Алыстағы ағайынның басын қосып, көкейкесті мәселелер көтерілген алқалы жиын аясында қазақ мәдениеті мен тілінің дамуына ерекше үлес қосқан белсенділер, зиялы қауым өкілдері және өнер қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Моңғолиядағы қазақ зиялысы Қабсаттар Омарұлы мен кәсіпкер-меценат Мұрат Дәкейұлына «Шапағат» медалі, еңбегі сіңген бір топ азаматқа ҚР Президентінің Алғыс хаты төсбелгімен бірге тапсырылды. Сондай-ақ, Отандастар қорымен белсенді жұмыс жасап жүрген азаматтар Қоғамның естелік медальдеріне ие болды. Соның ішінде:«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІ
1.Қабсаттар Омарұлы - Моңғолия қазақтарының ақсақалы, ұлт жанашыры саясаткер, Баян-Өлгей бұрынғы әкімі;

ҚР Президентінің төс белгісі мен алғыс хаты
1.Кәмелият Ахмедияұлы - Баян-Өлгий аймағының әкімі; 2.Қабыл Шәріпұлы - Баян-Өлгий аймағының Азаматтық өкілдері құрылтайының төрағасы; 3.Шынай Рахметұлы - Моңғолияның халық жазушысы; 4.Дәрмен Құзыкейұлы - Аймақтық Азаматтар өкілдері Құрылтай мүшесі, экс-әкім; 5.Бағдал Шәмейханұлы - Ховд аймағының әкімдігі Қаржы департаментінің директоры; 6.Оспан Нәбиұлы - Баян-Өлгий аймағының теле-радио кешенінің директоры; 7.Алтынгүл Дәлелқызы - Баян-Өлгий аймағының А.Бабиұлы атындағы орталық кітапхананың басшысы; 8.Сәйгүлік Жанымханқызы - М.Құрманхан атындағы Музыкалық драма театрының директоры; 9.Айшагүл Азаматқызы - Аймақтық музей директоры; «Отандастар Қоры» алғыс хаты және «Алғыс» естелік медалі 1.Бауыржан Дәлелұлы - Баян-Өлгий аймағының бұрынғы Азаматтар хурал төрағасы, әкімі; 2.Ғылымхан Әйіпұлы - Баян-Өлгий аймағының бұрынғы әкімі; 3.Лазатхан Бұраңұлы - Баян-Өлгий аймағының бұрынғы Азаматтар хурал төрағасы; 4.Бейбітхан Нұриұлы - Баян-Өлгий аймағының бұрынғы Азаматтар хурал төрағасы; 5.Бақыт Одынайұлы - Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы, атақты палуан; 6.Зарқұм Баймергенұлы - Жазушы, қоғам қайраткері; 7.Шілдебай Қылаңбайұлы - Журналист; 8.Манкей Тұрдыхан - №6 Өлгий орта мектеп директоры; 9.Рысбек Зұрғанбайұлы - Жазушы, Моңғолия және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; 10.Қайнар Қайсанай - Аймақ дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокс тренері; 11.Өмірбек Биқұмарұлы - Моңғолия Ғылым академиясының Баян-Өлгий бөлімшесінің бастығы, т.ғ.к. 12.Қиналған Жылқайдарқызы - Мұғалім, PhD; 13.Жанарбек Ақыбиұлы - Жазушы, спортшы; 14.Еркінбек Бөденұлы - Баян-Өлгий аймағы Журналистер одағының төрағасы; 15.Ертай Моңғолхан - Музыкалық драма театр режиссері; 16.Ербол Доманұлы - Баян-Өлгий аймағы әкімдігінің Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы; 17.Ербақыт Нүсіпұлы - Жазушы, Моңғолия және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; 18.Нұрболат Өнерханұлы - «Монцамэ» Моңғолия ақпараттық агенттігінің Баян-Өлгий аймағындағы журналисті, «Моңғолия қазақтарының тіл және мәдениетін қолдау одағының» төрағасы; 19.Сағым Бейбітқызы - Баян-Өлгий аймағы әкімдігінің Мәдениет бөлімінің қызметкері, әнші; 20.Айнагүл Айыпханқызы - Жеке кәсіпкер, 2022 жылғы «The International Women’s Entrepreneurial Challenge Foundation» сыйлығының иегері; 21.Бердібек Дәулетбек - композитор, әнші. Қосымша ақпарат:«ОТАНДАСТАР» ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АЙМАҒЫМЫЗДА ЖҰМЫСТАП ЖАТЫР
Моңғолиядағы кіші құрылтай Налайх ауданынан басталды
Сұлтан Тәукейұлының “Сеңгір таулар” атты романының тұсаукесері өтті
Моңғолия Парламентінің Төрағасы Транс-Алтай диалог платформасын құруды ұсынды
Аймақ әкімі «Отандастар қоры» бастаған Қазақстандық делегацияның қабылдады
Ховд аймағының әкімі ҚР депутаттарымен кездесу өткізді
Нұргүл Тау: Екі елдің достығын нығайтуға әрқашан дайынбыз
Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайы өтті
IV малый курултай казахов стартовал в Монголии
Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайы басталды
Баян-Өлгийде Кіші Құрылтай басталды Баян-Өлгийде қазақтардың кіші құрылтайы аясында Ұлттық спорт ұлықталды Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші құрылтайы шеңберінде Мемлекет және қоғам қайраткерлері Құрманхан Мұқамәдиұлы мен Қызырхан Құсбекұлының кітаптарының тұсауы кесіліп, қос тұлғаның ескерткіші ашылып, көше аттары берілді.Материалдарды Отандастар қоры ұсынды