Қазақстандық дзюдошы Әбиба Абужақынова тамақ пісірмей жүргеніне он жылға жуықтағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Көбі мені тамақ пісіре алмайды деп ойлайтын шығар. Жоқ, әзірлей аламын. Бірақ тамақ пісірмегеніме 9 жыл болды. Мен интернатта оқығанда бізге тегін тамақ беретін. Ал университетте жүргенде қыздармен пәтерде тұрдым, тамақты солар жасайтын. Өйткені мен жаттығудан кеш келетінмін. Қазір енді тамақты анашым пісіреді. Ұмытып қалған шығармын», — деді дзюдошы.
ПІКІР ЖАЗУ