8 мамырдағы сауда қорытындысы: АҚШ долларының бағамы өсті

доллар
Фото: depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 8 мамыр күнгі сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы 516,01 теңге болды. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,52 теңгеге жоғары, деп хабарлайды ozgeris.info.

Елдегі айырбастау пункттерінде валюталар келесі бағамен сатылып жатыр:

  • АҚШ доллары: сатып алу – 516,5-517 теңге, сату – 518-518,5 теңге;

  • Еуро: сатып алу – 582-583 теңге, сату – 586-587 теңге;

  • Ресей рублі: сатып алу – 6,1-6,15 теңге, сату – 6,22-6,3 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың шілде фьючерстерінің бағасы 61,75 долларды құрап отыр.