Қуаныш Жұмабекұлы «Еуразия зерттеулері» мамандығы бойынша PhD докторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы
Жаңалықтар
Украинадағы жағдайдан не көреміз?
Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы Луганск және Донецк облыстарын, яғни сепаратистік республикалардың тәуелсіздіктерін мойындау туралы тиісті құжаттарға қол қойып, әскер кіргізуге бұйрық берді.
Грузияның Абхазия мен Оңтүстік Осетиясы, Қырым... Қарап отырсақ, сол баяғы сценарий.
ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осы жағдайға байланысты Қазақстанның ресми ұстанымы жайлы төмендегіні хабарлады:
1) Қазақстан әскер жіберу мәселесін қарастырып жатқан жоқ;
2) Қазақстан халықаралық құқық және БҰҰ ұстанымын негізге алады;
3) Қазақстан алдында Луганск пен Денецкті дербес ел ретінде мойындау мәселесі тұрған жоқ.
Өте дұрыс позиция.
Еліміздің ішкі, сыртқы саясатына байланысты біз де ойымызды ортаға салуға тырысып жүрміз. Бәрі жақсы болса екен дейміз. Өзгеріс, Адырна порталдарында жарияланған «Солтүстікті қалай қазақыландырамыз?» және «Имперлік идеяны шегелеп шегендейтін уақыт келді!» деп аталатын мақалаларымды қайта ұсынамын.
а) Солтүстікті қалай қазақыландырамыз?
Қазіргі таңда парламенттік оппозиция институты енгізілді. Пропорционалды сайлау жүйесі жұмыс істеп тұр. Саясатта екі маңызды нәрсе бар. Олар – асықпау және кешікпеу. Қойылатын талаптарды айқындап, мажоритарлық сайлау жүйесін де қалыптастыра берген дұрыс сияқты. Бізге керегі – плюрализмнің одан әрі дамуы. Келелі мәселелер көшеде емес, парламентте шешілсе игі.
Ресей АҚШ пен НАТО-ның Солтүстік Атлантикалық Альянсқа жаңа елдерді қабылдауына, сондай-ақ Кеңес одағы құрамында болған елдерде әскери база салуларына вето қоюға қарманып, тырбанып жатыр. Әр мемлекеттің өз мүддесін алға қоюы – заңдылық. Мұндай жағдайда не істеу керек? Сағыздай созып, сөзбұйдаға салмай, Түркі мемлекеттері ұйымы арқылы Тұран әскерін құрса деген ойым бар.
Бізде, жалпы, ұлттық идеология бойынша қордаланған мәселелер жетерлік. Басымызды ауыртып, балтырымызды сыздатқандардың бірі – солтүстікті қазақыландыру. Ол аймақтағы автохтонды ұлт жағынан да шекеміз қызып отырған жоқ. Ұлтымыздың ұпайы кеткен солтүстікті тек қазақтандыру емес, қазақыландыру да маңызды екенін ұмытпаған жөн. Бұл – мәнін түсінгісі келген адам үшін жоғарғы, яғни метафизикалық мақсат.
Кейбір радикалды орыс саясаткерлері Қазақстанның солтүстігі Ресейге тиесілі деп, қисынға келмейтін мифтік көзқарастарын айтып жүр. Қырым сценарийінің қайталанғанын қалайтындары да анық байқалады.
Ұлттық сананың тәркіленуіне жол беруге болмайды. Біріншіден, ынталандыру жолымен түстіктен теріскейге бағытталған миграциялық үдерістерді қайта жандандырсақ, солтүстікте де қалың қазақты көретін күн туар. Ал ол жақтағы тілдің жағдайы аса күрделі. Оны реттеудің бір ғана жолы бар. Ол – Мемлекеттік тілді міндеттейтін заң. Тіл үйренуге жанын қинағысы келмейтіндер болса да, қазақ тілін білу абсолютті заң болу керек. Бұл ат үстінен билік айта салғаннан жүзе аспас, әрине. Бұдан бөлек, шетелдік тәжірибеде, мысалы, әйгілі Гарвард университеті Массачусетсте орналасқан. Бұл АҚШ-та үлкен штат болып саналмайды. Өзім білім алған Түркияда қай жерді дамытқысы келсе, сол жерде университет салады. Солтүстік аймақта тек мемлекеттік тілде білім беретін университеттер немесе елдегі мықты деген университеттердің филиалдарын ашу керек деген пікірдемін.
Тәуелсіздігімізге тәубе дей отырып, ұлттық топонимикамыздағы «сүйелдерден» арылу мақсатында отаршылдық-тоталитарлық кезеңде қаптап кеткен большевиктік идеология жолымен қызыл империяның қып-қызыл бояуымен аты өзгеріп, әлі де Ильичтің рухында сіресіп тұрған жер-су, елді мекен атауларын теориялық және қолданбалы жағынан зерттеу арқылы тарихи-географиялық атауларымен қайта атаудың қоғамдық-саяси маңызы зор. Науқаншылыққа салынып, оңды-солды өзгертіп, «Көкесінің атын көшеге, атасының атын ауылға қоюға» да жол берілмегені дұрыс. Ол жағын да ескерген абзал. Отандық ономастика саясатына салмақпен қарап, әсіресе елдің солтүстік аймағының, атап айтқанда Павлодар, Петропавл қалаларының аттарын өзгертіп, тілдік ландшафты бойынша жұмыстарды жүйелі жолға салу керек. Космополиттік сипаттағы атаулар болса, олар бөлек әңгіме.
«Елің – панаң, жерің – анаң», – дейді ғой қазақ. Еліміздің биік мұраттарын аңсайтын азаматтар көп болғай!
б) Имперлік идеяны шегелеп шегендейтін уақыт келді!
Тұран елдері ынтымақтастық кеңесінің VIII Саммитінің Ыстамбұл қаласының оңтүстік-шығысындағы Мәрмар теңізінде орналасқан Демократия және бостандық аралында өткенін білеміз. Аталмыш кеңеске Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, сондай-ақ бақылаушы ел ретінде Түрікменстан мен Мажарстан қатысты. Бұл – түркі халықтарын одан әрі жақындастыру жолындағы аса маңызды белес, тарихи меже.
Демагогиялық ұран, популистік риторикадан арылып, «Гибридтік соғыстың» ұңғыл-шұңғылына үңіліп, имперлік, өркениеттік негіздегі ұлттық идеяны шегелеп шегендейтін уақыт келді. Түркі мемлекеттері ұйымы – қай бағытты алсақ та, алып державалардың сателлиті болмай, түркі халықтарының әлем бойынша көш бастауына, корифей болуына үлкен мүмкіндік.
Ең алдымен қолға алу керек істердің қатарындағылар: теледидар, газет-журналдар, радио және интернет. Түркі халықтары эмпатиялық қарым-қатынас құру арқылы өзара ақпарат алмасу мүмкіндігін жетілдіре түсіп, нақты жолға қою қажет. Ол үшін ақпараттық тұрғыдан жоғарғы деңгейде әлемдік нарыққа шыға алатын маман-сарапшылардың, саясаткерлердің, журналистердің көп болғаны дұрыс.
Халқымыздың кейбір топтарының өзге өркениеттің құндылығымен сусындап отырғаны жасырын емес. Еліміздегі ақпараттық кеңістігімізді нығайту, ұлттық иммунитетімізді күшейтудің басты құралы – қазақ тілі. Сыртқы экспансияға төтеп беретін антивирусымыз – осы.
Қазақстан жерінің иесі де, киесі де мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болғай!
-
Қазақтың ұлттық сусыны әлемдік брендке айналады
03:02, 17 шілде 2025
-
Қырғызстанда қаза тапқан боксшыға қатысты тың дерек шықты
01:10, 17 шілде 2025
-
«Жапондықтармен құда болдық»: Жапон қызға сырға салған отбасы желіде қызу талқыланды
22:45, 16 шілде 2025
-
«Жарқырау үшін сыну керек болды»: Тұрсынбектің әйелі еңкілдеп жылады (ВИДЕО)
16:30, 16 шілде 2025
-
Мемлекет басшысы 31 тамызда Қытайға барады
16:20, 16 шілде 2025
-
"Құрмет танытайық!": Баян Мақсатқызы көшірме жасады дегендерге шүйлікті (ВИДЕО)
15:31, 16 шілде 2025
-
Ақтөбеде курсант қаза тапты
14:46, 16 шілде 2025
-
"Негізі Lamborghini сұрағанмын": Айгүл Иманбаева күйеуінен мәһір алғанын айтты
12:50, 16 шілде 2025
-
Тоқаев өзінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдап, тапсырма берді
11:43, 16 шілде 2025
-
-
-
"Құрмет танытайық!": Баян Мақсатқызы көшірме жасады дегендерге шүйлікті (ВИДЕО)
15:31, 16 шілде 2025
-
"Негізі Lamborghini сұрағанмын": Айгүл Иманбаева күйеуінен мәһір алғанын айтты
12:50, 16 шілде 2025
-
«Тұрсынбек бабамыз шығарған»: Мөлдір Мұқанова қыздарына қандай шарт қойылғанын айтты
06:00, 16 шілде 2025
-
«Жарқырау үшін сыну керек болды»: Тұрсынбектің әйелі еңкілдеп жылады (ВИДЕО)
16:30, 16 шілде 2025
-
«Жапондықтармен құда болдық»: Жапон қызға сырға салған отбасы желіде қызу талқыланды
22:45, 16 шілде 2025
-
Ақтөбеде курсант қаза тапты
14:46, 16 шілде 2025
-
Өскемен әуежайы басшылығы бес жыл бойы ақша жымқырған деген күдікпен қамауға алынды
09:37, 16 шілде 2025
-
Тоқаев өзінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдап, тапсырма берді
11:43, 16 шілде 2025
-
Мемлекет басшысы 31 тамызда Қытайға барады
16:20, 16 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025
-
-
Айгүл Қосанова неліктен өзінен 14 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын айтты
00:15, 14 шілде 2025
-
-
Миллиондаған ақша: Геннадий Головкиннің есімі атышулы сотта аталды
15:47, 14 шілде 2025
-
"Өзінен сұраңыздар!": Мөлдір Мұқанова ашуына мінді
11:30, 15 шілде 2025
-
«Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым»: Тұрсынбектің «екінші» әйелі үндеу жасады
13:02, 12 шілде 2025
-
«Мақтап жүрген серілерің осы ма?»: Асылхан Төлеповтің басы дауға қалды (ВИДЕО)
09:52, 14 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025