Спорт
Шавкат неге ирландиялық қарсыласын әрең жеңді
Желтоқсанның басында отандасымыз Шавкат Рахмонов UFC 310 жарысында ирландиялық Иэн Мачадо Гарримен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.
Алайда кездесудің соңына қарай ирландиялық спортшы Шавкатқа қылқындыру әдісін жасап, жанкүйерлерді бір дүр сілкіндірген еді. Яғни, отандасымыз сәл шыдамдылық көрсетпегенде жеңіліске ұшырауы мүмкін еді.
Жекпе-жектің неліктен бұлай ауыр өткенін, отандасымыз неге кездесуді уақытынан бұрын аяқтай алмағанын Kazinform тілшісіне Шавкат Рахмоновтың өкілі Бауыржан Өтәлиев айтып берді.
Оның сөзінше, Шавкаттың жекпе-жекті ауыр өткізуінің көптеген себебі бар.
– Америкаға ұшарға дейін Шавкат аяғынан жарақат алды, медиальды коллатеральді байламы жыртылған екен. Біраз уақыт гипс тағып, секіре де алмай қалған болатын.
Америкаға келгеннен кейін қарсылас болады деп күтілген Белал Мұхамедтің жарақат алып, жекпе-жектен бас тартып жатқанын естідік. Осының бәрі Шавкаттың көңіл-күйіне кері әсер етті. Аяқтан жарақат алғаны аздай, жоспар бұзылды, – дейді Dar Pro Team командасының жетекшісі.
Өтәлиевтің айтуынша, Белал Мұхамед жекпе-жектен бас тартқан соң 20 күн бойы қазақстандық файтер кімнің қарсылас болатынын біле алмаған.
– Біз жаттығып жатқан зал тым үлкен болды, онда әртүрлі ұлт өкілдері топтасқан. Залдың іші өте ыстық, инфекциялық тұрғыдан қауіп бар еді. Қарсыластың кім боларын білмей жүргенімізде Шавкаттың денесі жаттығулардан кейін тітіркеніп, инфекцияның алғашқы белгілері байқалғандай болды. Дәрігерлер бізге осы кезеңнен өту үшін антибиотиктер ішуді ұсынды. Денесінде сәл әлсіздік байқалса, адам қанша тырысса да 100 пайыздық қалыпта жаттығу жасай алмайды. Физикалық дайындықты ұстап тұрып, төзімділікті арттыру үшін Шавкат амалсыз антибиотиктер қабылдады, – дейді ол.
Сондай-ақ Бауыржан Өтәлиев Шавкат ирландиялықпен кездесуге аяғынан алған жарақаты әлі толық айықпаған күйде шыққанын алға тартты.
– Алға қарай тіке жүрсе сезілмейді, бірақ жанымен қимылдай бастаса аяғы ауыратын. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін сараптап қарасақ, Шавкат физикалық дайындығының 60-70 пайыз деңгейімен ғана шыққан екен. Оның жарақатынан қарсылас та хабарсыз болмағаны анық. Осыған қарамастан, қиынға соққан жекпе-жекте Шавкат үмітті ақтады, – деп түйіндеді ол.
-
Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды
01:25, 23 шілде 2025
-
Алматы облысындағы тұрғындар бір аптадан бері сусыз отыр
01:08, 23 шілде 2025
-
Сейсмикалық сынақ: Елімізде жойқын апатқа қарсы тарихи жаттығу басталды
00:33, 23 шілде 2025
-
«Истеричка сені кім алады»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қоштасу видеосын жариялады
00:29, 23 шілде 2025
-
"Мен де адаммын": Қайрат Нұртастың қызы жылап қалды (ВИДЕО)
17:31, 22 шілде 2025
-
"Мен әлсіздерді ұрмаймын": Қуат Хамитов Асхат Тағыберген туралы айтты
16:22, 22 шілде 2025
-
-
Анасына 8 жыл: Прокурорлар Перизат Қайратқа 10 жыл сұрады
12:17, 22 шілде 2025
-
-
Атырау облысында белгісіз індеттен түйе қырылып жатыр
11:16, 22 шілде 2025
-
-
-
-
"Мен де адаммын": Қайрат Нұртастың қызы жылап қалды (ВИДЕО)
17:31, 22 шілде 2025
-
Анасына 8 жыл: Прокурорлар Перизат Қайратқа 10 жыл сұрады
12:17, 22 шілде 2025
-
«Истеричка сені кім алады»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қоштасу видеосын жариялады
00:29, 23 шілде 2025
-
Атырау облысында белгісіз індеттен түйе қырылып жатыр
11:16, 22 шілде 2025
-
Сейсмикалық сынақ: Елімізде жойқын апатқа қарсы тарихи жаттығу басталды
00:33, 23 шілде 2025
-
-
"Мен әлсіздерді ұрмаймын": Қуат Хамитов Асхат Тағыберген туралы айтты
16:22, 22 шілде 2025
-
-
-
Жұбаныш Жексенұлы ұлының итальяндық қызға үйленгенін айтты
05:15, 21 шілде 2025
-
-
"Көзіне көп шөп салған": Психолог Перизат Қайрат туралы тың дерек айтты (ВИДЕО)
15:01, 17 шілде 2025
-
-
Қыдырәлі Болманов басынан өткен қиындықты баяндап берді
01:07, 18 шілде 2025
-
-
"Құрмет танытайық!": Баян Мақсатқызы көшірме жасады дегендерге шүйлікті (ВИДЕО)
15:31, 16 шілде 2025
-
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025