“Қазіргі уақытта залал көлемі 100 миллион теңгеге жуықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша басқа да жәбірленушілердің болуы және күдіктінің ақшаны қандай мақсаттарға жұмсағаны да анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.
"Залал – 100 миллион теңге": Ақтөбеде емші келушілерге несие алғызған
22.01.2025
278
Ақтөбеде дәстүрлі емес еммен айналысатын әйел 30 шақты келушіге түрлі сылтаумен несие алғызған, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Ақтөбе облысының полиция департаменті емшінің үстінен “Аса ірі көлемде алаяқтық жасау” дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.
Іс бойынша 30-ға жуық жәбірленуші бар. Күдікті оларға сырқат баласын емдетуге, мешіт құрылысына, жаңа массаж кабинетін ашуға қажет деген түрлі сылтаулар айтып, түрлі банктерден 1 миллионнан 18 миллионға теңгеге дейін несиелер рәсімдеткен. Әйелдің үйіне емделуге келушілер оның айтқанына сеніп, өз аттарына онлайн несиелер рәсімдеген. Ақшаны олар емшінің есепшотына аударған. Күдікті несиелерді өзі төлеуге міндеттенгенімен, кейін уәдесінде тұрмаған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026