«Ұлым маған қоңырау соғып, қазір бізді ұрады деді. Мен бірден дүкенге бардым. Мен барған кезде ұлым мен қайнымды жол бойында ұрып жатты. Жолдасым пышақ ұстаған жігітті әрі итеріп жатты. Ондағылардың бәрінде пышақ пен тапанша болған екен. Ұлымды көз алдымда сабады. Мен оның қанын көрдім», - дейді Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева.Туысқандары зардап шегушілерді ауруханаға жеткізгенімен, Шерзаттың өмірін аман сақтап қала алмапты. Шерзат отбасындағы бес баланың үлкені. 10 сыныпта оқып жүрген. Әскери училищеге түсуге дайындалып жүрген. Төбелеске қатысқан әкесінің інісіне үш жерінен пышақ сұққан. Қазір ол ауруханада жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Облыстың Полиция департаменті істі ерекше бақылауға алған. Тергеу жүріп жатыр.
«Ұлымды көз алдымда сабады»: Талғардағы бозбаланың қазасына қатысты тың дерек шықты
07.10.2024
318
Бірнеше күн бұрын Талғар қаласында бір топ азаматтың арасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған еді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Шерзаттың әкесі Болат жалға дүкен алып, сауда жасаған. Сол күні бәрі сол дүкенде басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған, деп жазады turkystan.kz.
Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш машинамен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026