«Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында. Қатардағы жауынгер Е.Мұхтардың ата-анасының талабы бойынша оңалту ем-шаралары аяқталғаннан кейін үйіне шығарылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемесі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери-медициналық басқармасымен бірлесіп оған мүгедектікті ресімдеу бойынша көмек көрсетеді», - делінген ресми хабарламада.Бұдан бөлек, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Ресей Федерациясының В. М. Бехтерева атындағы психиатрия және неврология Ұлттық медициналық зерттеу орталығына, С. М. Киров атындағы Әскери-медициналық Академиясына және Профессор А. Л. Поленов атындағы Ресей ғылыми-зерттеу нейрохирургиялық институтына, сондай-ақ консультациялық көмек беру және ауруханаға жатқызу мәселесін қарастыру үшін Түркия елшілігіне хат жолдағаны белгілі болды.
Ұлттық ұлан әскерде жүріп бас-ми жарақатын алған сарбазға қатысты ресми мәлімдеме жасады
22.08.2024
274
Әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр. Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі сарбаздың денсаулығына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ұлттық ұланның хабарлауынша, қатардағы Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабы 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалған. Бұл жерде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұза отырып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені мәселе болып отыр.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026