"Қыз баланың спортқа қатысуына қарсы емеспін. Өзім де бапкер ретінде қыз балаларды көп жаттықтырғанмын. Ал келіншегім Сараға қатысты айтар болсам, қазір біз отбасын құрдық. Әрі қарай мансабын жалғастыра ма, жоқ па, белгісіз. Екеуіміз үйленген соң, бір айдан кейін Сараға UFC-ден шақырту келді. Желтоқсан айында хабарласып, наурыз айында жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бірақ біз одан бас тарттық. Сара қазақ қыздары арасынан шыққан үш дүркін әлем чемпионы. Өзін мойындатқан. Біраз досым UFC-ден шақырту келгесін, бір жекпе-жек болса да өткізгенімізді қалаған. Алайда елге қызық керек. Бір кездесуден соң қандай спортшы болса да чемпиондық белдік үшін күрескісі келеді. Біздің одан да маңызды жоспарымыз бар. Сара спорттық мансабында үлкен жетістікке жетті деп ойлаймын. Мансабын аяқтауға қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ, алайда, аралас жекпе-жекке қатысты өз ойымызды білдірдік", - деді Нұрсұлтан Орынбасаров.Еске сала кетейік, Сора Рахмонова UFC-де сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақ балуан Шавкат Рахмоновтың қарындасы.
"UFC шақыртуынан бас тарттық": Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы әйелінің мансабына қатысты айтты
13.02.2025
299
Джиу-джитсудан жаттықтырушы, аралас жекпе-жек сарапшысы Нұрсұлтан Орынбасаров келіншегі Сора Рахмонованың UFC-ден шақырту алғанын айтты. Бұл туралы ол журналист Aqyrys Seitqazy-ның YouTube арнасында мәлімдеді, деп жазады ozgeris.info сайты.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026