Трамп, тариф және акциялар: саяси ойын ба, қылмыс па?
12.04.2025
312
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға тарифті 60% дейін көтеру туралы мәлімдеген соң, АҚШ биржаларында дүрбелең басталды. Бұл жаңалық нарықтағы кейбір акциялардың құлдырауына себеп болды.
Алайда, осы жағдайды Трамптың айналасындағы адамдар тиімді пайдаланып, әлсіреген акцияларды сатып алып жатыр деген ақпараттар тарады. Бұл туралы Reuters арнайы тергеу материалында жазды.
Егер Трампқа жақын топ шынымен де бұл ақпаратты алдын ала біліп, акция сатып алып үлгерсе — бұл классикалық инсайдерлік келісім болады.
АҚШ заңымен бұл — қылмыс. Инсайдерлік сауда — қор нарығындағы ең ауыр заңбұзушылықтың бірі. Бірақ саясаткерлер әлемінде "ақылды тактика" деп те өтіп кететін жағдайлар көп.
Сандар сөйлесін
Әлемде нарық құлағанынан хабардармыз. Бірақ, АҚШ президенті тариф саясатына қатысты ұстанымын 90 күнге тоқтатып қойды. Осы кезде акция нарығына “жан бітіп”, жаппай өсімнің арқасында миллиардерлер бір күнде $304 млрд-қа байып шыға келді.
Сөйтіп, әлемдегі ең бай адамдардың жалпы капиталы жүздеген миллиард долларға көбейді. Бұл — Bloomberg Billionaires Index тарихындағы бір күнде тіркелген ең үлкен өсім.
Неге маңызды?
Трамп экономикалық мәлімдемелерін нарыққа әсер ету құралы ретінде жиі пайдаланады. Осы жолғы тариф ойыны да сол сценарийге ұқсайды. Егер бұл дәлелденсе, үлкен дауға ұласуы мүмкін.
Бұл — нарықты қолдан құлату ма, әлде саяси шахматтың заңды жүрісі ме?
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026