Төрт жылдың ішінде отандық әскерде 310 сарбаз көз жұмған
11.09.2024
206
2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Atameken business арнасына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.
Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.
Төрт жылда 310 сарбаздан айырылсақ, жылына 77 жас жігіт қыршынынан қиылады деген сөз, олай болса аптасына бір сарбаз жан тапсырады деп топшылауға болады.
Кеше ғана Маңғыстау облысында қатардағы жауынгер Марат Барқұлов кісі қолынан қаза тапты. Оны Оймаша полигонында гвардия лейтенанты тапаншамен атып салған. Жалғыз ұлынан айырылған әке кінәлі адамның әділ жазалануын шырылдап сұрап, құзіретті органдарға видеоөтініш жолдап жүр. Әлеуметтік желіде «баламды әскерге жібермеймін» деген сарындағы пікірлерге көз шалынады. Қазақ ұлдарынан патриотизмді, ел мен жерге деген адалдықты сұрау үшін армияға тәртіп енгізіп, бірізге салуды билік органдары міндетіне алуы тиіс деп санайды халық.
Айта кетейік, петициялар сайтында міндетті әскери қызметті жою туралы бастама пайда болған. Петиция 2024 жылдың 21 қыркүйегіне дейін талқыланады. Егер ол 50 мың қол жинаса, Қорғаныс министрлігі өтінішті қарауға міндетті.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026