"Тэнге емес теңге". Желіде Нұралы Әліптің орыс журналисін түзеген видеосы тарады
20.08.2024
241
Ұлттық құраманың және "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп қазақша сұрақ қойған журналистің әрекетін хайпқа теңегеннен кейін өзі хейттің астында қалды. Осы орайда әлеуметтік желінің беттерінде футболшының шын мәнінде қазақ тіліне жаны ашитындығын көрсететін видеолар тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Зенит" YouTube арнасында жарияланған "Круговой vs. Әліп, Викторина про Казахстан" шығарылымында жүргізуші Нұралыға сұрақ қояды. Сұрақ қою барысында "тэнге" деп сөйлеген журналисті Отандық футболшымыз, "Тэнге емес, теңге. Көбі тэнге деп қате айтады. Дұрысы теңге", деп түзейді. Осы тұста ол орыстың деньги деген сөзі теңге дегеннен шыққанын да атап өтеді.
"Нурик жарады", "Дұрыс айтады теңге сөзінен шыққан", "Ең үздік", "Дэнги деп айтқан сияқты ғой", "Айналдым, аман бол", "Басқалары болса отырады ғой, дұрыстауға қорқып. Нұралы қалай айтуды үйретіп отыр, жарайсың!", деп желі қолданушылары жарыса жазды.
Бұдан бөлек, Нұралы Әліп "Зенитке" жеңіс голын сыйлағанда комментатордың "Қазақстан гол салды! Қазақстан!", деген видеосы тарады. Осы голдан кейін Нұралының командаластары "Казахстан сила" деп айқайлайды. Ал желі қолданушылары болса, Әліптің бұл хейтке лайық емес екенін жазды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026