Тараз қаласында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Антикордың дерегінше, мердігер ұйым өкілі Ерболатұлы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін, ал Тараз қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қалдыбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Қалдыбаев жалған орындалған жұмыстар актілеріне қол қойып, заңсыз қаржы аударуға жол берген. Бұл әрекеттер мемлекетке 519 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сот үкіміне сәйкес, Қалдыбаев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерде өмір бойы лауазым атқару құқығынан айырылды. Ерболатұлы 6 жылға сотталып, 10 жыл бойы қаржы басқаруға байланысты лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға жатады.-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026