Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Абайұлы «келтірілген шығынды өтеу мәселесімен біз айналыспаймыз» деп қысқа жауап берген.– Қойлардың бәрінің тамағын тіліп кеткен. Тамақтарын тіліп, өкпесін суырып алған. Маған осы жағы түсініксіз болып тұр. Неге өкпесін суырып алғаны белгісіз? Қасқыр да болуы мүмкін, бірақ мен өзім бұралқы иттерден көремін. Оқиға орнында әкімдік өкілдері мен полиция жұмыс істеді. Бұл менің өмір бойына өсірген малым ғой. Осы малмен бала-шағамды асырап отырмын. Былайша айтқанда, 50 шақты адамның асы еді. Енді кімге барып, кімнен қалай көмек сұрарымды білмеймін, – дейді мал иесі.
«Тамағын тіліп, өкпесін суырып алған»: Оралда белгісіз жыртқыш 100-ге жуық қойды қырып кеткен
23.10.2024
296
Оқиға 19 қазан күні түнгі сағат 3-те болған. Есенгелді Айтмұхамбетов Зашаған кентінде 150 бас қой бағып отырған шаруа. 24 жылға жуық баққан малымнан бір түнде айырылдым деп қамығады қала тұрғыны, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бір түнде 100-ге жуық қойды қандай жыртқыш қырып кеткені белгісіз. Түнде тарсылдаған дыбыстан оянған малшы ештеңе көріп үлгермеген. Ертеңгісін ауладан жалпақ үлкен іздер көрдік дейді. Мал иесі өзі қаңғыбас иттерден көреді. "Қойға қасқыр шапқан болуы мүмкін бе?" деген сұраққа мал иесі бәрі мүмкін ғой деп жауап берді.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026