"Сыйақы алмадым". Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова ағынан жарылды
14.11.2024
266
Күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жәмилә Бақбергенова бұл жетістігі мен сыйақы мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info, "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап.
Жәмилә Бақбергенова үш мәрте әлем чемпионатының күміс медалін (2021, 2022, 2024) қанжығасына байлады. Сондай-ақ ол 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.
"Тиранада алтын аламыз деген ой болды. Мақсат – әрқашан чемпион болу. Маған қалай күресуді, тактиканы жеке бапкерім белгілеп береді. Негізінен финалда бәрі дұрыс болды. Тіпті ұпай саны бойынша да алға шықтым. Бірақ күтпеген жерден қателікке бой алдырып, уыста тұрған алтын сусып шығып кетті. Бұл өкініштің орны алда жарыстарда толады деген үміттемін. Көкейдегі әлем, Олимпиада чемпионы болсам деген арман ешқашан өшкен емес",-деді Жәмилә Бақбергенова.
Тиранада өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов пен күміс жүлдегер грек-рим күрес шебері Ержет Жарлықасынға автокөлік табысталды.
"Әлем чемпионатынан кейін ешқандай сыйақы алмадым. Бұйырған дүние болса алатын шығармыз. Алда федерация желтоқсан айында марапаттайды",-дейді Жәмилә Бақбергенова.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026