— Зорлау фактісі бойынша іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, – делінген ресми мәлімдемеде.Алайда күдіктілердің нақты ұсталғаны немесе қамауға алынғаны туралы ақпарат әлі де жоқ.
Шымкентте ерекше қажеттілігі бар қызды бірнеше ер адам қорлаған — күдіктілер әлі бостандықта
04.04.2025
356
Шымкентте 22 жастағы бойжеткенге қатысты жантүршігерлік оқиға орын алды, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Жәбірленушінің айтуынша, оны бірнеше рет жасы отыздан асқан бірнеше ер адам топтасып зорлаған. Қазіргі таңда күдіктілердің ешқайсысы ұсталып, жауапқа тартылмаған.
Қыз НеМолчи қорының көмегіне жүгінген. Қор өкілдерінің мәліметінше, алғашқы оқиға 2023 жылдың тамыз айында болған. Жұмыстан қайтып келе жатқан қыз жол-жөнекей көлік тоқтатып, оған мінген. Салонда өзінен әлдеқайда үлкен ер адамдар болғанымен, ол мән бермеген. Сол сәттен бастап күдіктілер оның мекенжайын анықтап алған.
Кейін бір ер адам қызға келіп, сөйлесу сылтауымен сыртқа шақырған. Сол кеште ол зорланған, ал оқиғаны екінші адам видеоға түсірген. Осылайша, қызды қорқытып, бопсалау басталған.
Бопсалау 2024 жылдың наурызында жалғасты. Қор айтуынша, тағы бір ер адам келіп, егер сыртқа шықпаса, үйін отбасымен қоса өртеп жіберетінін айтып қорқытқан. Қыз қорыққаннан сыртқа шыққан. Екі ер адам оны елсіз жерге апарып, көліктен төсеніш шығарып, жерге төсеп зорлаған. Бұл қылмыстық әрекеттерге үш адам қатысқан. Олар бірін-бірі таниды және топтасып әрекет еткен.
Қор атап өткендей, жәбірленуші – ерекше қажеттіліктері бар, есту қабілеті нашар, аңғал қыз. Күдіктілер осыны пайдаланып, ауыр қылмыс жасаған. Қазіргі таңда олар бостандықта жүр.
Шымкент қалалық ПД бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026