Шавкат Рахмонов Playboy-дың бұрынғы моделіне қазақ тілін үйретті (видео)
04.12.2024
240
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов Playboy журналының бұрынғы моделі Нина Мари Даниэльге қазақ тіліндегі ең ұзын әрі қиын сөзді үйретті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Нина Мари Даниэльдің Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұқбат барысында Шавкат Рахмонов журналист-модель Нина Мари Даниэельге қазақ тіліндегі ең ұзын әрі қиын сөздердің бірі – "Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" деген сөзді дұрыс айтуды үйретуге тырысты. Даниэль сөзді бірнеше рет қайталап айтуға талпынғанымен, оны толық айтып шығу оңай болмады.
"Профессор Шавкат Рахмонов маған қазақ тіліндегі ең қиын сөзді айтуды үйретті, ха-ха. Мына сөзді кім жазып бере алады? Өтініш", - деп жазды Нина Х желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қазір АҚШ-та алдағы жекпе-жегі қарсаңындағы соңғы дайындық кезеңін өткізуде. Ол 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) кездеседі. Сондай-ақ The Ariel Helwani Show бағдарламасының продюсері Конор Буркс тымақ киіп, алғаш рет бешбармақтан дәм татқанын айтқан болатын.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026