Сенсация: боксшы Махмұд Сабырхан жекпе-жегінде жеңіске жете алмады

Сенсация: боксшы Махмұд Сабырхан жекпе-жегінде жеңіске жете алмады
Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Олимпиаданы бірінші жекпе-жегінде аяқтады. 57 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан испан боксшысы Хосе Квилеске жол берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info. Махмұд шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Алайда төрешілер шешім басқа болды. 4:0 есебімен Хосені жеңімпаз деп таныды. Ширек финалда Хосе өзбек боксшысы Абдумалик Халоковпен жұдырықтасады. Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама сапында Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ерте аяқтаған еді.