Нәтижесінде 547 миллион теңгеден астам қаражат қолды болған.
“Өлі жандар” схемасына басшылар мен бухгалтерлер де қатысқан. Сот алдында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу арқылы жымқыру және талан-таражға салу айыбымен 11 адам жауап берді. Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар 2016 жылдың наурыз айынан 2023 жылдың маусымына дейін білім бөлімі мен аудан мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударып отырған. Бұл жылдар бойы жалғасып, бюджеттің қаржылық жүктемесін арттыра берген. Осылайша 547 млн 274 мың теңге жымқырылған. Кейбір сотталушылар кінәсін мойындамаған, үшеуі жартылай мойындаса, тағы төртеуі қылмысын толық мойындап, шығынның өздеріне тиесілі бөлігін өтеген. Сарыағаш аудандық соты сегіз адамды кінәлі деп танып, жетеуін 7 жылға бас бостандығынан айырды (екеуінің жазасы шартты деп есептелді), біреуіне 2 жыл жаза тағайындалды. Тағы екеуі 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Сарыағашта білім бөлімінің қызметкерлері 547млн теңге жымқырған
03.04.2025
286
HALYQSTAN Telegram арнасының хабарлауынша, Сарыағаш ауданының білім бөлімінде сегіз жыл бойы бюджет қаражатын жымқырумен айналысқан.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026