"Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, 1 қазан күні негізгі қылмыстық істен бөлек, дәрігерлердің әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Бұл іс бойынша да сараптама тағайындалды. Біз де негізгі іс бойынша сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сіздердің қолдауларыңызбен әділдікті талап ете береміз", — деп жазды Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды.
Сарбаз Ербаян Мұхтарға ота жасаған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
15.10.2024
258
Әскери қызметкер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026