«Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында әкім орынбасарына жасалған шабуылдың себебі ретінде оның күдіктінің жұбайына тиіскені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
«Жаңа ғана полиция департаментінде күдіктінің жұбайымен сөйлестім. Әйел адам куәлік беру үшін келген. Оның айтуынша, ол Руслан Берденовты мүлде танымайды, ешқашан сөйлесіп те көрмеген», — деп жазды Жұмагұлова.Алдын ала болжам бойынша, оқиға тұрмыстық сипаттағы жанжалдан туындаған. Күдікті — 1994 жылы туған азамат, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты бір серіктестікте жұмыс істеген. Ол Руслан Берденовтың қарамағында болып, жуырда ғана қызметінен босатылған.