"Сен тіпті келген де жоқсың. Орныңнан қимылдамай отырдың. Саған бәрібір!" - деді Дудакова.
Ресейлік спортшы UFC-дегі жеңілісінен соң бапкерін ұрып жіберді (ВИДЕО)
12.01.2025
249
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Виктория Дудакова UFC Fight Night турнирінде жеңіліп қалғаннан кейін бапкерін ұрып жіберді. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Виктория Дудакова Лас-Вегастағы турнирде жекпе-жекке шықты. Ол әйелдер арасында 52,2 кг салмақ дәрежесінде америкалық Фатима Клейнмен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. АҚШ спортшысы үстемдік танытып, қарсыласының басына бірнеше соққы жасады. Ал төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті тоқтатты. Бұл 25 жастағы ресейлік спортшы үшін қатарынан екінші жеңіліс болды.
Ол мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңілді. Жекпе-жек аяқталған соң октагонға Дудакованың бапкері Гасанали Гасаналиев шықты. Ол шәкіртінің жанына келіп, құшақтамақ болған кезде, спортшы оны бетінен шапалақпен ұрып жібергені трансляцияға түсіп қалды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026