Ресейдің Орынбор өңірін су басты
06.04.2024
236
6 сәуір күні түнде Орскідегі бөгет бұзылып, облыс басшылығы 2.5 мыңнаан астам үй мен 6.8 мыңнан астам шаруашылық учаскелер су басу аймағына түсті деп хабарлаған, ол кезде 4200 адам эвакуацияланды, оның мыңнан астамы балалар.
Орынбордың мэрі Сергей Салмин халықтың облыстан кетуін сұрады: "Жағдай өте қиын! Бір күннің ішінде Оралдағы(Жайық өзені) су деңгейі 91 см-ге артып, қазір 778 см-ге жетті. Бұл қазірдің өзінде қолайсыз мәннен жоғары және су көтерілуде, электр және газ беру тоқтатылады."
https://youtu.be/7OLZXRui9-4?si=XXhhB9gK5M6-Fwwx
Алайда таңда Орск қаласындағы бөгет толығымен құлап, Ақтөбе су қоймасынан келетін су көлемі арта бастады. Орскіде 4 мыңнан астам үй мен 10мыңнан астам адам су басу аймағында қалды.
Екі сағаттан кейін Жайық өзенінің суы 960см-ге дейін көтерілді.
Орскіде опырылған бөгет Жайық өзенінің 5,5 метр деңгейіне есептелген, қазір оның деңгейі 9,6 м, дейді билік өкілдері.
Қазіргі кезде Орынбор облысының басшылығының айтуынша су астында қалған Орскіде 2 адам қаза тапты.
Бүгінгі күні қалыптасқан Орынбор Орскіндегі су тасқыны жағдайы, мамандардың айтуынша, 100 жылда бір рет болып тұрады.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026