"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)

"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)

Желіде Сәкен Майғазиевтің маңғыстаулық құдағиын қарсы алған видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Видео кадрларынан жаңа түскен жас келіннің ата-анасының алдынан қарсы алғанын байқауға болады. 

Келіннің анасы қызының жүдеу түрін көріп: Ұстайтын жері қалмапты ғой, дейді. 

Майғазиев болса, салмақ қостыра алмай жүргенін айтады. 

"Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба айта салады", - деп жазды видео авторы. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір білдірді. 

"Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып", "Жас қой әлі, семіреді уақыт өте", "Атасы жауап берген қалай кетті", деді олар.