«Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1),4)-тармақтарымен сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Е. ұялы телефонындағы мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы мен енесінің ақпараттық жүйеден бейхабар екенін, қарттық жасын пайдаланып, бейнекамераға түсіру арқылы есепшоттарына заңсыз кіріп, ұялы телефонындағы «Halyk bank» мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы Ж.-ның атынан 4 626 167 теңге, енесі К.-нің атынан «Kaspi. kz» мобильді қосымшасы арқылы заңсыз кіріп, 2 190 000 теңге мүліктік несиелер рәсімдеп, оны ақшаға айналдырып, бас пайдасына жаратқан», - делінген облыстық сот хабарламасында.Нәтижесінде, жәбірленушілер Ж.-ға 4 626 167 теңге, К.-ге 2 190 000 теңге мүліктік шығын келтірген. Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, банктік анықтамалармен, аударым түбіртектерімен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген. Сотталушы Е. мен жәбірленушілер Ж. және К. арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған. Басты сот талқылауында жәбірленуші Ж. сотталушы Е.-ден 4 626 167 теңге залалды өндіруді сұраған, ал жәбірленуші К. талап қоюдан бас тартқан. Сот үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Азаматтық жауапкер Е.-ден азаматтық талапкер Ж.-ның пайдасына 4 626 167 теңге өндірілген.
Қызылордалық келіншек қайын атасына ешкім күтпеген әрекет жасаған
05.11.2024
254
Қызылордада күйеуінің ата-анасының атынан алаяқтық жолмен несие алған келіншекке қатысты сот үкімі шықты.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026