Қызылорда облысында биыл балалардың терезеден құлауы бойынша 15 дерек тіркелді, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Терезеде уақытша бекіткіш тордың болмауы мен москит торының берік бекітілмеуі оқыс оқиғаның тіркелуіне алып келеді. Оған қоса балалардың терезенің алдында ойнауына жол бермеу қажет», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұл бағытта сала мамандары қауіпсіздік шараларына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.