«Мектепке тізеден келетін немесе тізеден жоғары шотландский сияқты юбка немес басқа да юбка киіп баратын қыздар өте көп. Кеше статистика болып жатыр, Түркістан облысында 400-ден астам мектеп жасындағы қыздар жүкті болып қалған. Енді сіз ойлап қараңыз, сол мектепте жүріп қыздардың электронды темекі шегетінін, наркотикқа отырғанын, түнгі клубқа баратынын, мини юбка киетінін, кеудесі тырысып тұратын киімдер киетінін жұрттың бәрі біледі. Соның бәрін көріп тұрып, бұл біздің дәстүрімізде жоқ, қай қазақтың қызы осындай киіп еді деп айқай шығарып, парламентте мәселе көтеріп, 400-ге жуық мектеп жасындағы қыздар жүкті болып қалып жатыр деп, мектепке кіргізбей, ата-анасын мектепке кіргізбей қойып, күзет қойып қойған бір адам көрген жоқпын. Бірақ, бір қыз орамал тақса, ол беспен оқып, қызылға бітірейін деп жатса да, орамал тағып, ұзын юбка кисе, сол қыздың жер-жебіріне жетеді. Мәселе көтеріп, оны парламентте талқылап, министрліктен тыйым салу туралы бұйрық шығарып, біздің салтымызда жоқ дейді. Қай қазақтың әйелі жалаңбас жүрген еді. Бәрі жаулықпен жүрген, тіпті жастарының өзі. Жап-жас қыздар жаулықпен жүрген. Енді сіз ойлап қараңыз, сол қыздардың бәрін мектепке кіргізбейді, бірақ ер балалар 15 см тырнақ өсіріп мектепте жүре береді. Бірақ, орамалға рұқсат жоқ. ЛГБТ өкілдеріне көшеде еркін жиналыс жасап, көшеде шеруге шығуға рұқсат. Бірақ, орамал тағуға рұқсат жоқ. Соның бәрін көріп тұрып, қоғамдық мәселе көтеріп жатқан бір адам көрген жоқпын», — дейді ол Instagram желісіндегі парақшасында.Санаулы сағатта 300 мыңға жуық қаралым жинаған бұл видео-үндеуді желі қолданушылары қызу талқылауда. «Ұл мен қызды бөлек оқыту керек», «Таң қалатын заман емес, педофильдер көбейген заман», «Мына кісі басқа ағымда емес пе», «Қазақ қоғамында мұсылмандардың құқығы жоқ», «Қазақ қызы тақия киген, хиджаб кимеген», — деп жазды олар.
"Қысқа юбка киген оқушылар жүкті болып жатыр": Сақалды блогер мектепке хиджабпен бару туралы айтты
03.04.2025
414
Өзін медиа менеджер ретінде таныстыратын Жанәділ Райымбеков мектеп жасындағы бойжеткендердің киім үлгісін сынады. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Caravan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Блогер мектепте оқитын қыздардың қысқа белдемше киюі олардың ерте жүкті болуына әсер етіп жатқанын айтты.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026