«Мен оны ешқашан ақтамаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын: кейде адам ішіндегі құбыжықты көргенде ғана өз шын бейнесін табады. Себебі тек шетке тірелгенде ғана: «Енді жетер. Бұдан былай бәрі басқаша болады» деп нақты шешімге келесің.»,- деп бейнежазбада өз ойымен бөлісті.Аталған бейнежазба қоғамда үлкен пікірталас туғызып, қолданушылар арасында әртүрлі көзқарастар тудырды. Кейбірі бұл сөздерді қолдау немесе алғыс ретінде қабылдаса, енді бірі ирония мен арандатушылық деп бағалады. Айта кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын. Бұл оқиға ел ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты қоғамдық резонанс туғызып, үлкен дауға айналды.
Қуандық Бишімбаевқа алғыс айтқан әйелдің видеосы желіде қызу талқыға түсті
11.05.2025
665
Әлеуметтік желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа алғыс білдіріп жатқан әйелдің видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Видеодағы әйел – бұрын Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің уақытша директоры қызметін атқарған. Бұл департаментте Қуандық Бишімбаев министр болған кезде ол да қызмет еткен.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026