- Инвестиция көлемі – 17,8 млрд теңге;
- Жаңа жұмыс орындарының саны – 800;
- Өндірістік қуаты – жылына 60 000 компонент;
- Өндірістік аумағы – шамамен 30 000 м².
Қостанай облысында еліміздегі алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр
18.02.2025
6052
Қостанай облысы Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырып, үш негізгі экономикалық бағыт бойынша дамып келеді. Ол - машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Өңірдің басым бағыттарының бірі – автомобиль жасау мен автокомпоненттер өндірісін қамтитын машина жасау саласын дамыту.
Бүгінде Қостанай облысында төрт ірі машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді, олар жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы техникасын шығарады. Төртінші зауыт 2024 жылдың күзіне қарай іске қосылды. Өңірдің өнеркәсіптік дамуы аясында 2025 жылдың соңына дейін тағы екі жаңа зауыт ашу жоспарланған: KIA автомобиль зауыты, өндірістік қуаты жылына 70 000 автокөлікті құрайды, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады; сондай-ақ жүк көліктеріне арналған басты беріліс қораптарын шығаратын зауыт, онда 550 жаңа жұмыс орны құрылады.
Бұған қоса, 2026 жылдың басында автокомпоненттер шығаратын тағы бір зауыт ашылады. Бұл кәсіпорын өңірдің автокөлік өндірісі кешеніндегі жетінші зауыт болмақ және қазақстандық автомобиль зауыттарын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.
Автокомпоненттерді локализациялау орталығын салу импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірдің машина жасау кластерін нығайтуға бағытталған. Жоба қазақстандық автомобиль зауыттарына отандық компоненттер жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жобаның негізгі көрсеткіштері:
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026