"2024 жылғы 08 Қарашада "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді. Жиналыстың күн тәртібі Банктің ресми сайтында "Акционерлер" бөлімінде жарияланған және Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау және басқару органының мүшелерін тағайындау туралы мәселелерді қамтиды. Қазіргі уақытта "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы - Ержанова Раушан Зейноллақызы, ал Эльдар Сәрсенов - Банктің мажоритарлы акционері. "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға сәйкес миноритарлық акционер тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің мүшесі кандидатурасын ұсынуға құқылы. Директорлар кеңесінің құрамы туралы шешім акционерлердің көпшілік даусымен қабылданады", - деп мәлімдеді банк.
Қоғам белсендісі Макс Боқай Нұрбанкті басқаруы мүмкін
01.11.2024
304
Мұндай ұсыныс миноритарлық акционерден келіп түсті, деп хабарлайды ozgeris.info Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам белсендісі Макс Боқай жақын арада Нұрбанктің Директорлар кеңесіне мүше болуға ұсынылады. Бұл акционерлердің жалпы жиналысында талқыланбақ.
Айта кетейік, Макс Боқай 2016 жылы жер митингілерін ұйымдастырушы ретінде танымал болған қоғам белсендісі. Митингілер Жер кодексіне енгізілген жаңа түзетулерге қарсы ұйымдастырылған еді.
Акционерлердің жалпы жиналысы 2024 жылғы 8 қарашаға жоспарланған.
Банктің қазіргі Директорлар кеңесінің төрағасы - Раушан Ержанов. Ол 2010 жылдан бастап Банктің ДК құрамына кіреді.
Осы тұста Сарсеновтар отбасы JP Finance Group арқылы Нұрбанктің 86,4% акцияларына иелік ететінін де айта кетейік.
Ақпаратқа қатысты Нұрбанк мәлімдеме жасап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026