Құжатта көрсетілгендей, мәміле 2025 жылдың қаңтарында аяқталған. «МТС-дегі (яғни, «Мобайл Телеком-Сервис») үлесті сату құны 1,1 млрд долларды құрады, оның бір бөлігі шартты сыйақы ретінде төленеді», – делінген есепте.Сонымен қатар, бұл мәміледен кейін «Қазақтелеком» АҚ құрамында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қызметі тоқтатылғаны айтылған. 2024 жылғы 30 сәуірде холдингтің жалпы жиналысы МТС-тің 100% үлесін үшінші тарап – Power International Holding компаниясына сату туралы шешім қабылдаған. 4 маусымда «Қазақтелеком» PIH Interconnect Limited (PIH еншілес ұйымы) компаниясымен келісімге қол қойған. Ал 12 қарашада негізгі келісімге өзгерістер енгізіліп, мәміле шарттары PIH-тің басқа еншілес компаниясына берілген. Айта кетейік, 2024 жылы МТС-тің сатып алушылармен келісімшарттар бойынша жалпы кірісі 244 млрд теңге, жалпы табыс – 161 млрд теңге, операциялық табыс – 134 млрд теңге, салық салынғанға дейінгі табыс – 125 млрд теңге, ал таза пайда – 53 млрд теңге болған.
«Қазақтелеком» Tele2 мен Altel операторларын катарлық компанияға 1,1 млрд долларға сатты
14.04.2025
272
«Қазақтелеком» АҚ мобильді байланыс операторы – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 100% үлесін Катарда орналасқан Power International Holding (PIH) халықаралық компаниясының еншілес ұйымына 1,1 млрд долларға сатты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған қаржылық есепке сілтеме жасап.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026