"Құрметті қазақ елі, бүгін таңғы 9:00-ден 12:00-ге дейін "Компос" жанармай бекеттеріне барып, өзім жеке сол жерде болдым. Видеоны көріп келген жанашыр ағайындарымыз, бауырларымыз, ағаларымыз бар, әрқайсысымен жеке-жеке осы уақыт аралығында кездесіп, мақсат-мүдделерін түсіндіріп, жеткізіп айттым. Бірақ кітап шығаратын баспагер болған соң біз кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек және ешқашан біз өзімізді халықтан биік қойған жоқпыз. Сонда келушілердің пікірін, кері байланысын тыңдап отырсақ, оларға ұнамағаны мұқаба болып тұр. Бірден кітаптың мазмұнын түсінбей қаласың дейді. "Мына жазылған, сен айтып отырған нәрселер дұрыс та шығар, бірақ мына мұқаба соны ашпайды, сондықтан осындай реакциямыз болып жатыр" деп айтты. Сондықтан біз бүгін бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ", - деді баспагер Бақытжан Бұқарбай.
"Қазақтарды қалай басқару керек". Жұртты шулатқан кітап сатылымнан алынды (ВИДЕО)
02.08.2024
265
Ел арасында мұқабасына қарай түсініспеушілік тудырған "Қазақтарды қалай басқару керек" атты кітап барлық сату нүктесінен алынды. Бұл туралы AmalBooks баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің инстаграм парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026