Қазақстандық жас ойыншы ресейлік "ЦСКА" футбол клубына ауысуы мүмкін
01.04.2025
315
"Қайрат" футбол клубының түлегі Дәулет Орынбасарға ресейлік "ЦСКА" командасы қызығушылық танытуда. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеулік команда 16 жастағы шабуылшыны өз қатарына қосқысы келеді. Тіпті, қазір қазақстандық ойыншыға 70 миллион теңге төлеуге дайын. Алайда алматылық команда жас футболшыны 150 миллионнан кем қаражатқа сатқысы келмей отыр. Әзірге екі тарап ортақ келісімге келе алмауда.
“Қайраттың” түлегіне ресейлік клубтан бөлек Хорватияның "Динамо Загреб" командасы да қызығушылық танытуда. Загребтық клубтың өкілдері де Дәулетті өзінің жейдесінде көргісі келеді.
Дәулет Орынбасар – Шымкент қаласының тумасы. Ойыншы “Қайрат” академиясында тәлім алған, алайда негізгі команда сапында әлі өнер көрсетпеді. Жас шабуылшы Қазақстан U17 сапында 8 ойынға қатысып, 4 гол, 2 нәтижелі пас авторы атанды. Былтырға маусымда футболшы Қазақстан жасөспірімдер лигасында 17 ойында 28 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026