Сонымен қатар, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) өндірістің өсуін көрсетуде: 2024 жылдың 11 айында бензин өндірісі 2,1% – ға артып, 4,88 млн тоннаға, дизель отыны 4,3% - ға артып, 4,9 млн тоннаны құрады. Алайда, бұл көлемнің өзі контрабанда ауқымын есептегенде жеткіліксіз болып шығады.
Заңсыз отын шығарудың негізгі себебі - бағаның айтарлықтай айырмашылығы.
2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бір литр АИ-92 бензинінің құны 205 теңге, Ресейде – 282 теңге, Қырғызстанда – 381 теңге, Өзбекстанда – 493 теңге болды. Дизель бағасы Қазақстанда 295 теңге, көрші елдерде 350-550 теңге.
Қазақстаннан көрші елдерге заңсыз тасылатын жанар-жағармайдың ай сайынғы көлемі 45 мың тоннаға жеткен деп қаржы сарапшысы дабыл қаққан еді.
Министрлік бағаның өсу қарқыны мен нақты мерзімін әлі жариялаған жоқ. Бірақ болжам бойынша, жанармай бағасы кезең-кезеңмен қымбаттауы мүмкін.