Қазақстанда 19 мың баладан аутизм анықталды
31.01.2025
273
Қазақстанда 19 мыңнан астам бала аутизм диагнозымен тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Соңғы бес жылда Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған бала саны бес есе артқан. Оларға арналған 10 аутизм орталығы мен 13 қана оңалту орталығы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 230 мың бала тіркелген. Бұл санаттағылар үшін 44 арнайы балабақша мен 99 арнайы мектеп бар.
Қазір елімізде 221 кешенді педагогикалық-психологиялық көмек көрсету орталығы, 105 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету үшін 1071 кабинет жұмыс істейді.
Өкінішке қарай, дәрі-дәрмектермен емдеудің тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген жоқ.
Ата-аналар тегін көмек ала алады. Баланың қоршаған ортаға бейімделуіне көмектесу үшін дефектологтар, логопедтер, психологтар, невропатологтар және басқа да білікті мамандарға жүгінуге болады.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026