Қазақстан азаматы 230 млн теңгелік алаяқтық үшін Қырғызстаннан экстрадицияланды
07.04.2025
302
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі gov.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Тергеу мәліметінше, 2023 жылғы маусым айында күдікті алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге Алматы қаласындағы банктердің бірінде клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерді өзгерту туралы жалған хабарламалар жолдап, сол арқылы банк жүйесіне қол жеткізген.
Нәтижесінде ол қашықтан басқару арқылы бес жәбірленушінің шотынан үшінші тұлғалардың, яғни “дропперлердің” есепшоттарына қаражат аударып, оларды иемденген. Келтірілген материалдық шығын 230 миллион теңгеден асады.
2024 жылғы қаңтарда күдікті Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы негізінде отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс бойынша оның мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026