Қазақмыс «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер өткізуде

Қазақмыс «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер өткізуде

Қазақмыс тобы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып, өз қызмет аймақтарында ауқымды сенбіліктер сериясын бастады ozgeris.info сайты.

Экологиялық шаралар сәуір мен мамыр айлары аралығында өтеді. Осы уақыт ішінде өндірістік нысандарда және елді мекендерде апта сайын аумақтарды тазалау мен абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Компания тек өз кәсіпорындарының аумағын ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаны жақсартуға да ерекше назар аударып отыр. Акция аясында қызметкерлер көшелерді, қоғамдық орындарды және кәсіпорындарға жақын аумақтарды тазалауға белсенді қатысуда.

Негізгі жұмыстар 2–4 сәуір аралығында Жезқазған, Қарағанды, Сәтбаев және Балқаш қалаларында өтті. Ірі сенбіліктерге 1100-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Олардың қатарында Қазақмыс, Kazakhmys Smelting, Kazakhmys Maintenance Services, КЛМЗ (Maker), Kazakhmys Barlau, корпоративтік колледждер, ZhezAir және Жезқазған медициналық орталығының өкілдері бар.

Шара барысында 100-ге жуық арнайы техника тартылып, шамамен 95 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Экологиялық жұмыстар аясында өндірістік аумақтар мен жол инфрақұрылымы тазартылып, қалдықтар жиналып, көгалдандыруға дайындық жүргізілуде. Ауыр және ірі қалдықтарды шығару үшін самосвалдар мен тиегіштер қолданылып, жұмыстардың тиімділігі арттырылды.

Компания үшін «Таза Қазақстан» акциясына қатысу — экологиялық саясаттың маңызды бөлігі. Мұндай сенбіліктер тек тазалықты қамтамасыз етумен шектелмей, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.