«Қатты әлсіреп, химиотерапиядан бас тарттым»: Мұрат Бисембин ауыр дерті туралы алғаш рет сұхбат берді
17.10.2024
295
Отандық танымал актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлаған соң, алғаш рет сұқбат берді. Өнер иесі бүгінде ауыр дертпен қалай күресіп жатқанын айтып, қазіргі жағдайын бөлісті, деп жазады Ozgeris.info.
Мұрат Бисембин белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға ақтарыла сұқбат беріп, ауыр дерті туралы сыр шертті. Өнер иесі қатерлі ісікке шалдыққанын бастапқыда неге жасырғанын түсіндірді.
"Ұйқы безінің қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Екінші кезеңінде жүрмін. Төрт рет химиотерапия алдым. Негізі сегізін алуым керек еді. Бірақ мен бас тарттым. Химиотерапия алып көрген адамдар жақсы біледі. Өте қиын ем түрі. Қатты әлсіреп қалдым. Қазір емдеудің басқа түрін таңдадым. Ол халық емі емес, медициналық емдеудің бір түрі. Ешкім менің өміріме кепіл болмайды. Германия мен Оңтүстік Корея дәрігерлері де емдеуге қарсы емес, бірақ кепілдік бермей отыр. Мен оған көңіл-күйімді түсіріп жүрген жоқпын. Қазір тек позитив ойлағым келеді. Ауыр дертке шалдыққанымды әріптесім Саят халыққа жариялады. Оған дейін мен рұқсат етпей жүрген едім. Сосын Жан Байжанбаевпен хабарластық. Ол да маған жария етуді ұсынды. Дегенмен біз актерлар миллиондап ақша таппаймыз ғой. Бұны анам білгенін қаламадым. Ол кісі сырқатым туралы білмейтін еді. Жанға тек өз ортасындағы достарына айтуға рұқсат еттім. Достары жақсы көмектесті. Ақан Сатаев пен Саятпен кездескенде мені ақыры көндірді. Саят "Өзің жариялағың келмесе онда өзім жасаймын" деді. Анам бүгінде менің айығуымды тілеп, өзін тастап жіберген жоқ. Отбасым, жақындарымның барлығы қолдау көрсетіп жатыр. Желіде де көптеген адам маған жылы сөздерін айтып, қолдау беруде", - деді актер.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026