– Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.
Қарағанды облысында 6 қылмыстық топ ұсталды
18.10.2024
278
ІІМ өңірлерде қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды. Бопсалаудың 40-тан астам фактісі анықталып, жолы кесілді.
15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады. Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ “Qarmet” АҚ қызметкерлерін бопсалаған.
Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар “Qarmet” АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026