«Қар астында тұр»: Ақмола облысында 50 жедел жәрдем көлігі бірнеше айдан бері пайдалануға берілмеген
26.11.2024
291
Ақмола облысында бірнеше ай бұрын сатып алынған жәдел жәрдем көліктері әлі күнге дейін пайдалуға берілмеген, деп хабарлайды ozgeris.info.
Turar.media мәліметінше, кеше өткен брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахилбеков сатып алынған 50 жедел жәрдем көлігі туралы айтты.
«Облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың қолдауының арқасында біз биыл медициналық ұйымдардың көлік паркін айтарлықтай жаңарттық. Жергілікті бюджет есебінен қаржылық лизинг аясында 3,7 млрд теңгеге 50 автокөлік сатып алынды: Бұл «В» класындағы 25 бірлік жедел жәрдем көлігі және «С» класындағы 25 бірлік жедел жәрдем көлігі. Қабылдау және тапсыру жұмыстары аяқталды, мемлекеттік нөмірлерді рәсімдеу және беру жұмыстары жүргізілуде», - деді облыстың бас дәрігері.
Ал, жаңа көлік бірнеше ай бойы аптап ыстықта, қар мен жаңбырдың астында ел игілігіне берілмей тұр.
Тurar_media сайтына түскен ақпаратқа сәйкес департамент сақтандыруға, қысқы дөңгелек сатып алуға және т.б. қаражат қарастырмаған. Бұл мақсатқа ақша мәслихаттың қарашадағы сессиясында ғана қаралады.
Журналистер мұндай жағдайды бюджет қаражатын дұрыс игере алмау екенін айтып, тіпті бұл жағдайды қылмыстық әкерет деп атады.
Өз кезегінде Нұрлан Ахилбеков барлық емдеу мекемелері 1 желтоқсанға дейін көліктерін алатынына сендірді.
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026