«Қала әкіміде сол жерде болған»: Берденовке жасалған қастандыққа қатысты тың дерек шықты
23.04.2025
364
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгін брифингте әріптесі Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тың деректер айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сәрсен Құранбектің айтуынша, аталған жағдай болған кезде қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы да жұмыста болған. Олар оқиға болған орынға дереу шыққан. Полиция, жедел жәрдем шақырылған. Содан кейін тез арада Руслан Берденов ауруханаға жеткізілген. Сол жерде қылмыс бойынша күдікті ұсталған.
"Қаладағы № 1 емханада ота жасалынды. Ол ұзаққа созылды. Қала әкімі және орынбасарлары осы ота аяқталғанға дейін сол ауруханада болдық. Түнгі екіде үйге тарқадық", - дейді Сәрсен Құранбек.
Оның сөзінше, жағдайдың ушықпауын, қаланың қалыпты жағдайда болуын қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бақылауда ұстаған.
Осы тұста қала әкімінің орынбасары екі нәрсеге ерекше тоқталды. Біріншіден, Сәрсен Құранбектің сөзінше, полиция департаменті жедел түрде күдіктіні ұстаған, қамауға алған және тез арада тергеу амалдарын бастап кеткен. Екіншіден, медицина қызметкерлері де өз кәсіби біліктілігін көрсетіп, операцияны жоғары деңгейде жасап шыққанын атап өтті.
Сондай-ақ Сәрсен Құранбек жағдайға қатысты әкімдік тарапынан неге ешкім пікір білдірмегенін түсіндірді.
"Әлеуметтік желіде біздің пікір білдірмеген себебіміз – қылмыс жасалған жерде полицияның өкілеттігі басталады. Өздеріңіз білесіздер, құқық қорғау органдарының өкілеттігі жүрген кезде жергілікті билік өкілдерінің өкілеттігі жүрмейді. Осыған ғана байланысты қылмыстық іске түсінік беру полиция департаментінің құзыретінде, ал денсаулық мәселесіне қатысты сұрақтар денсаулық сақтау басқармасына қатысты екенін айтқымыз келеді", - деді Сәрсен Құранбек.
Сондай-ақ ол қылмыстық іске қатысты пікірін білдірді.
"Бұл адам неліктен бұл әрекетке барғанын нақты айта алмаймыз. Біздің тіпті айтуға құқығымыз жоқ. Тергеу амалдары дұрыс жүргізілуі үшін ешқандай пікір бере алмаймыз.
Сәйкесінше, сіздерге ресми пікір белгіленген тәртіп бойынша тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, істі сотқа жолдау барысында беріледі.
Қазіргі уақытта біздің пікір қылмыстық іске әсер етпес үшін қосымша ақпарат ұсына алмаймыз.
Күдіктінің де бұл қылмысқа не үшін барғаны туралы әртүрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Біздің білуімізше, олардың ешқайсысы да шындыққа жанаспайды", - деді Сәрсен Құранбек.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026