Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында белгісіз ұшу аппаратына ұқсас нысан табылды. 18 ақпан күні сағат 23:10 шамасында Ұялы ауылдық округінің әкімдігіне жергілікті тұрғындар ауылдан 8 шақырым қашықтықта ерекше затты байқағандарын хабарлаған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, табылған нысан ұзындығы 120 см болатын пилотсыз ұшу аппаратына ұқсайды. Жедел түрде оқиға орнына Ұялы ауылдық округінің полиция қызметкерлері жетті. Кейін олармен бірге аудан орталығы Сайхын ауылынан әкімдік, полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да келді. Қазіргі таңда мамандар нысанның шығу тегі мен кімге тиесілі екенін анықтауда. Тергеу жұмыстары жалғасуда, қосымша ақпарат ресми түрде жарияланатын болады. Редакция бұл жағдай бойынша ресми органдардың пікірін күтеді.-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026