Путин Қазақстанмен жаңа ауқымды жобалар туралы айтты
27.11.2024
289
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары алдында "Казахстанская правда" газетінде мақаласын жариялап, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Владимир Путиннің айтуынша, Ресей Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Ресейден Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрайды. Елде ресейлік қатысуы бар 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
"Екі ел арасындағы ынтымақтастық тек инвестициямен шектелмейді. Нарыққа жаңа өндірістер енгізу, толық индустриялық цикл жобаларын іске асыру арқылы біз экономикаларымызды жаңғыртып, технологиялық егемендігімізді нығайтып жатырмыз," – деп атап өтті Владимир Путин.
Сонымен қатар, мұнай-газ секторындағы әріптестікке ерекше назар аударылған. Путиннің айтуынша, Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы Ресей аумағы арқылы шетел нарығына шығарылады. Ресейдің "Росатом" корпорациясы да Қазақстанда уран саласын дамыту және ядролық отын циклындағы жобаларды жүзеге асыруға атсалысуда.
Президент екі ел арасындағы көлік-логистика және энергетика салаларындағы ауқымды жобаларды атап өтті. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Бәйтерек" кешенін құру жобасы да осы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылады.
"Ресей мен Қазақстанның аймақтық ынтымақтастығы да ерекше назар аударуды талап етеді. Қазіргі уақытта Ресейдің барлық дерлік субъектілері Қазақстанның өңірлерімен тікелей байланыс орнатқан," – деді Путин.
Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің 20-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында 150-ге жуық бірлескен жоба мен іс-шаралар әзірленіп жатыр.
Ресей басшысы мақала соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, бұл жобалардың екі ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін айтты.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026