Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің маңына дрон құлағаны жөнінде суреттер мен мәліметтер тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті де растады.
Полицияның дерегінше, күмәнді нысандар Ақжайық ауданынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар сыртқы келбеті жағынан ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсайды.
Ведомство өкілдері объектінің елді мекендерден шалғай аумақта анықталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау үшін тексеру шаралары жүргізіліп, мамандар қажетті деректерді жинап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін де өңірде осындай жағдайлар болған. 2025 жылдың наурыз айында Жәнібек ауданында белгісіз ұшатын аппаратқа ұқсас сынықтар табылып, полиция тексеру жұмыстарын бастаған еді. Сонымен қатар сол жылдың қазанында Бөрлі ауданында да дрон бөлшектеріне ұқсас заттар анықталған.
Полиция департаменті растаған: Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады
Фото: "Мой город"
26.03.2026
174
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026