- Epetition.kz сайтына кіріңіз.
- Жоғарғы оң жақ бұрышта «кіру» түймесін басыңыз.
- Сізді egov.kz сайтына автоматты түрде жібереді, egov mobile-дағы QR арқылы, телефон нөмірі немесе логин мен пароль арқылы кіруге болады.
- Әрі қарай e-otinish сайтынан сіз туралы ақпарат шығады: аты-жөніңіз, ЖСН, телефон нөмірі. Деректеріңізді растау және өңдеуге рұқсат беру қажет.
- Сіз epetition.kz сайттағы жеке парақшаңызға сәтті кірдіңіз. E-Otinish.kz сізді автоматты түрде epetition.kz сайтына қайта жібереді.
- Өзіңізге қажет петицияны аты бойынша іздейсіз. Соған басыңыз. Төменгі жағынан сіз өтінішті кімге жіберетінін, сипаттамасын оқып, комментарийлер жаза аласыз.
- Оң жақта сіз өтініш берушіні, қолдар санын және басқа ақпаратты көре аласыз. Сол жерде «қол қою» батырмасын басыңыз.
- ЭЦҚ кілтін іздеу үшін терезе шығады.
- Екінші кілтті таңдап, пароль жазып, қол қойыңыз.
- Егер сіз барлығын дұрыс жасаған жағдайда, үстіңгі оң жақ бұрышта «Сіз петицияға сәтті қосылдыңыз» деген жасыл терезе шығады.
Петицияға қалай дұрыс қол қою керек? – нұсқаулық
10.06.2024
352
Елімізде бірыңғай мемлекеттік петиция платформасы іске қосылғалы көп уақыт болмады. Әлі де болсын қазақстандықтардың көбі петицияға қалай дұрыс қол қоюды білмей жатады. Осы орайда Оzgeris.info тілшісі нұсқаулық дайындады.
Петиция - мемлекеттік органға жіберілетін ұжымдық хабарламалар, үн қосу немесе ұсыныс. Осы уақытқа дейін қазақстандықтар көптеген онлайн-петициялар құрды, бірақ олардың заңды күші болған жоқ. Мемлекет басшысының «Қоғамдық бақылау туралы» заңына қол қоюымен epetition.kz бірыңғай сайты құрылды. Егер 6 ай ішінде ҚР азаматтары 50.000-нан астам қол жинаса, мемлекеттік органдар петицияны қарауға міндетті болады. Әзірге петицияға тек компьютер арқылы қол қоюға болады. Төменде біз бұны қалай дұрыс жасауға болатынын сипаттадық.
Петицияға қалай қол қоюға болады?
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026