«Натальядан әңгіме барысында оның туысының екі баласы бар екенін білдім: үлкені – үш жаста, кішісі – он айлық. Ақпаратты алғаннан кейін бірден учаскелік инспекторға хабарладым. Себебі бұл мәселе кішкентай балаларға қатысты болғандықтан, тез арада әрекет ету керек болды. Тексеру кезінде балалар үйде жалғыз қалып, есік жабық тұрғаны анықталды. Бұл туралы қамқоршылық органдарына дереу хабарлап, келген комиссия балаларды алып кетті», – дейді Ақсу қаласының полиция инспекторы Назгүл Баяділова.Балалар бірден қалалық ауруханаға орналастырылды. Учаскелік инспектор анасының қайда екенін анықтап, оны тек кешке, танысының үйінен тапқан. Белгілі болғандай, сол күні ол ішімдік ішіп, балаларын үйде жалғыз қалдырған. Анасының ісі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралды. Комиссия шешімімен әйел алты айға ата-ана құқығынан шектелді. Осы уақыт ішінде балалар мемлекеттік мекемеде болады. Балаларды қайтару үшін анасы алты ай ішінде түзеліп, алкоголь және басқа да тыйым салынған заттарды қолдануды тоқтатуы, сондай-ақ үйінде балаларға қолайлы жағдай жасауы тиіс.
Павлодарда балаларын үйде жалғыз қалдырып, қонаққа кеткен әйелдің ата-ана құқығы шектелді
18.01.2025
237
Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі кішкентай баласын үйде жалғыз қалдырып, танысына қонаққа кеткені үшін алты айға ата-ана құқығынан шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияға хабарласқан әйел өзін Наталья Прасолова деп таныстырып, туысы алкогольді ішімдік ішіп, балаларын қараусыз қалдыратынын айтқан.
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026
-
Теңге нығаюының астарында не жатыр?15:11, 03 апреля 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 апреля 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 апреля 2026